$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақшатау кентінің әкімі Нұрлан Сейілбеков қыз зорлады деген күдікпен ұсталды

Қыздың ата-анасының айтуынша, ол 23 жастағы бойжеткенді ауылда ұстап алып, ұрып кеткен 

Ақшатау кентінің әкімі Нұрлан Сейілбеков қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәлімдеуінше, 23 жастағы тұрғынның арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу белгіленді. Қадағалаушы орган сот алқасына жеке апелляциялық өтініш білдірді. Қарау нәтижесінде өтініш қанағаттандырылып, бұлтартпау шарасы қамауға алуға өзгертілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Бұған дейін, заңгер Айнұр Балакешова зорлаған қыздың ата-анасының үндеуін жариялаған болатын. Жәбірленушінің ата-анасының айтуынша, отбасымен араласатын жақын досы, қыздарының әкесіндей болған Нұрлан Сейілбеков бойжеткенді зорлап, ұрып-соққан.

«Қылмыстық істі тергеу кезінде енді күдікті тергеу изоляторында отырады. Кеше маған Қарағандының 23 жастағы тұрғынының ата-анасы хабарласты. Олар «әкім ұсталмады, үйінде отыр» деді.

Олардың айтуынша, қыз 2024 жылдың қаңтар айында ауыл әкімдігінде жұмыс істеп жүрген уақытында Ақшатау кентінің әкімі зорлық-зомбылық жасаған. Ал 2025 жылдың үшінші мамырында қызды ұрып тастаған. Қазір қыз Қарағандыда ауруханада жатыр»,- деп жазды заңгер.

Серіктес жаңалықтары