$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр

Облыста еріктілер мен жастар өзен арналарын қоқыстан тазалаған

Абай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы қарқынды жүзеге асып жатыр
Фото: облыс әкімдігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Абай облысында да «Таза Қазақстан» атты ауқымды бағдарлама бастау алды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Бекболат Мұратов баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көктемгі екі айлық тазалық марафонына өңір тұрғындары белсенді қатысты. Сәуір айының өзінде акцияға 100 мыңнан астам тұрғын атсалысып, қала мен ауыл көшелерін тазартып, абаттандырды. Сонымен қатар, полигондарға 20 мың тоннадан астам қалдық төгіліп, 500-ден астам су айдыны тазартылды, олардың жағалауына ондаған мың жаңа ағаш егілді. Тек «Семей орманы» резерватының өзінде ғана жастар мен корпоративтік еріктілер 1,5 гектар аумаққа тал екті», - деді бөлім басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан бойынша  26 сәуір — ағаш егу күні деп белгіленген еді. Осыған орай,  облыс аумағында 23 мыңнан астам жаңа көшет егілген.

«Облыста ең үздік аула, кіреберіс, мектеп және тіпті медициналық пункт бойынша байқаулар өтеді деп жоспарланған. Былтыр www.tazaqazaqstan.kz онлайн-платформасы іске қосылды. Далада қоқыс жатса немесе субұрқақ сынып тұрса, әр адам осы платформа арқылы оны хабарлай алады.  Осы күнге дейін 550 өтініш қабылданып, олардың басым бөлігі орындалды, - деп атап өтті Бекболат Мұратов.

Оның  айтуынша, ең өткір мәселелердің бірі —   қоқыс үйінділері. Ғарыштан жасалған мониторингтің арқасында 266 қоқыс орны анықталып, облыс бойынша мұндай үйінділер толығымен жойылған.

Серіктес жаңалықтары