28.04.2025, 16:09
Оқиғалар
Өскеменде қонаққа келген жігіт үй иесінің есігін тепкілеп кеткен (ВИДЕО)
Оның қорқынышты іс-әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған
Өскемен қаласында қонаққа келген жігіт әлгі үйге кіре алмай, подьездің есігін тепкілеп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
27 сәуір күні түнгі сағат 02:15-те болған оқиға подьездің камерасына жазылып қалған.
Біздің редакцияға осы оқиға туралы түсініктеме берген полиция департаменті 24 жастағы жігітті анықтағанын хабарлады.
«Анықталғандай, бұл жас жігіт сол үйге қонаққа келген. Бірақ, шақырған адам есігін ашпай қойған соң кіреберіс есікті тепкілеп, қоғамдық тыныштықты бұзды. Ары қарай шешім қабылдау үшін іс материалды сотқа жолданды», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
