ШұғылЕлімізде тағы 1726 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

ҰҚК спортшылардан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті

Бұл оқиға Атырау облысында болған

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағым өкілдерінен тұратын топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

«Қылмыстық топқа қатысушылардың өңірдегі кәсіпкерлерден қорқытып ақша алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар. Нәтижесінде, топтың белсенді 5 мүшесі ұсталды, олардың кейбіреуі трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында үш бірлік әртүрлі қару түрлері мен оқ-дәрілер табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.

Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жөнінде мәселе шешілуде. Қорғануға құқығы бар екеуінен куәгер ретінде жауап алынды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады