22.04.2025, 16:45
Оқиғалар
Маңғыстауда мектеп оқушылары жазыққа барып, «Кальмар ойынын» ойнаған (ВИДЕО)
Жазық даладағы балалардың видеосы желіде жүр
Фото: скрин
Маңғыстау облысында бір топ оқушы танымал корейлік «Кальмар ойынын» қайталаған. Олардың видеосы желіде тарап, көпшілік пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кадрларда балалар «Кальмар ойыны» сериалдағыдай жарыс ұйымдастырып, түрлі сахналарды қайталап, шынайы түсірілімге ұқсатуға тырысқаны байқалады.
«Қазіргі жастар сондай белсенді, жарайсыңдар», «кино продюсері кім екен», «қазақтың ойыны қалмады ма», «ұлттық ойындар көп емес пе, қайдағы жоқ кальмарды ойнағаны несі екен», деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Сондай-ақ олардың Ақтау қаласындағы «Достық» мектебінің оқушылары екені айтылды.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды