22.04.2025, 14:20
Оқиғалар
Тараз ауруханасынан 750 млн теңге қаражат жымқырған екі әйел ұзақ жылға сотталды
Оның бірі бас дәрігердің орынбасары, ал екіншісі бас есепші болған
Фото: Azattyq ruhy
Тараз қалалық соты Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің экономикалық және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары Шаушенова мен бас бухгалтер Достаеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Антикордың мәліметінше, олар «Қайрат Құрылыс-ҚК» ЖШС аффилирленген кәсіпорнына жалған құжаттар арқылы 758 млн теңгені заңсыз аударып, ары қарай ол ақшаны жымқырған.
«Бас дәрігердің орынбасары қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру бойынша сотталды. Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Антикор.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді