Рим папасымен қоштасу рәсімі дәстүрден өзгеше өтеді
Ол 88 жасында дүниеден өтті

Папа Римдік Францискпен қоштасу рәсімі бұрынғы понтификтердің дәстүрлі жерлеу салтынан өзгеше өтеді. Бұл туралы италиялық Corriere della Sera басылымы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жерлеу рәсімі әдеттегі 3 бөлімнен тұрса да, бірнеше маңызды ерекшеліктері болады:
Францискке бір ғана түнгі қадағалау рәсімі (бдение) өтеді (дәстүрлі түрде – екеу).
Понтификтің денесі көпшілік алдына қойылмайды – яғни, катафалк арқылы халықтың қоштасуы болмайды.
Табытты жабу рәсімі де өтпейді, бұл да дәстүрге қарама-қайшы шешім.
Понтификті Санта-Мария-Маджоре базиликасында, Ватиканнан тыс жерде жерлейді. Айта кету керек, көпшілік Папалар Сан-Пьетро соборының астындағы Ватикан гроттарында жерленетін.
Бұл шешім Францисктің қарапайымдық пен ашықтықты насихаттаған ұстанымына сай келеді.
Папа Римдік Франциск 2025 жылғы 21 сәуірде, Пасха мейрамынан кейінгі күні дүниеден озды. Ол 88 жаста болды. Соңғы кездері понтифик денсаулығына байланысты бірқатар қиындықтар көріп жүрген.
Vatican News хабарлауынша, оның қайтыс болуына инсульт себеп болған – ол комаға түсіп, жүрек қызметі тоқтап қалған.