$ 521.53  601.01  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бүйрегі мен бауырына зақым келген»: Шымкент дәрігерлері Берденовтің қай жерлері жараланғанын айтты

Дәрігерлер шұғыл операция жасап, оның өмірін құтқарып қалған

«Бүйрегі мен бауырына зақым келген»: Шымкент дәрігерлері Берденовтің қай жерлері жараланғанын айтты
Фото: freepik.com

Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасы қала әкімінің 40 жастағы орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі денсаулығы туралы ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, кеше, 21 сәуір күні кешке жақын күдікті Руслан Берденовті бірнеше жерінен атып кеткен еді.

«Операциядан кейінгі диагноз: оның оң жақ кеудесіне оқ тиген, оң жақ өкпесінің төменгі жағы көп жерден жараланған, қабырға арасындағы артериялары мен диафрагмасында жарақат бар. Сондай-ақ ішіне, бауырына зақым келіп, ішінен қан кеткен. Оң жақ бүйрегі, иығы біраз жерден жараланған», - деп хабарлады дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, полиция Руслан Берденовке оқ атқан күдіктіні ұстап, қамауға алды. Сондай-ақ полиция департаменті күдіктінің болжамды мотивін де жоққа шығарды. 

Серіктес жаңалықтары