$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пойызда жолаушы қызға азғындық әрекет жасамақ болған жолсеріктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған

Пойызда жолаушы қызға азғындық әрекет жасамақ болған жолсеріктің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қызылорда – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызында бойжеткенге азғындық әрекет жасамақ болған жолсерікке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта Көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша (зорлау әрекетіне оқталу) іс қозғады. Толыққанды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес заңға сай процессуалдық шешім қабылданады. Жәбірленушінің барлық уәжі назарға алынып, тергеу барысында тыңдалады. Ал күдікті жолсеріктен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қамауға алу үшін жеткілікті дәлелдер жиналуы қажет», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде жолаушылар пойызында жалғыз отырған бойжеткенге жолсеріктің жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болғаны туралы шағымы жарияланған болатын. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, көпшіліктің наразылығын туғызды. Жолсеріктің әрекеті әлеуметтік желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар тарапынан қатаң сынға ұшырады.

Серіктес жаңалықтары