$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің тамағын осып, омыртқасын зақымдаған – ІІМ тергеуді бақылауда ұстап отыр

Жәбірленуші мүгедек болып қалуы мүмкін

Шымкентте ер адам бұрынғы әйелінің тамағын осып, омыртқасын зақымдаған – ІІМ тергеуді бақылауда ұстап отыр
Фото: istockphoto.com

Шымкент қаласында бірнеше күн бұрын ауыр қылмыс қоғамдық резонанс туғызды. Ер адам бұрынғы жұбайын аңдып жүріп, оңтайлы тұста пышақпен шабуыл жасаған. 33 жастағы әйелдің тамағы кесіліп, омыртқа жотасына зақым келген. Алған ауыр жарақатынан сал болып қалу қаупі туындаған. Жәбірленуші – төрт баланың анасы, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция бұл факт бойынша ҚР ҚК 106-бабына («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сәйкес, қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның адвокаты Жанна Оразбахованың айтуынша, ер адам өз-өзіне қол салмақ болып, осы арқылы жауапкершіліктен жалтарғысы келген болуы мүмкін.

Мәжіліс кулуарында өткен баспасөз брифингінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұл істің тергелу барысына тоқталып, оқиғаға байланысты барлық мән-жай тексеріліп жатқанын айтты.

«Бұл істі жеке бақылауыма алдым. Балалар туыстарының қарауында, ювеналды полиция мен қамқоршылық органдары жағдайды толық бақылауда ұстап отыр», – деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол күдіктінің өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны туралы ақпараттың шынайылығын нақтылауға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары