$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Танымал адамдардың бет-әлпетімен шығып, 36 млн теңге жымқырған: алаяқтар жасанды интеллект арқылы елді тонауға шықты

БҚО-да қариялар екі пәтерді сатқаннан түскен қаржыны алаяқтарға беріп жіберген 

Танымал адамдардың бет-әлпетімен шығып, 36 млн теңге жымқырған: алаяқтар жасанды интеллект арқылы елді тонауға шықты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Алаяқтар жасанды интеллектіні пайдалана отырып, халықтың ақшасын жымқыруға көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО-да алаяқтар жасанды интеллект арқылы елге танымал тұлғалардың бет-әлпетін жасап, зейнеткерлермен бейне байланысқа шыққан. Салдарынан қариялар 36 мың теңгесінен айырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеген.

Жәбірленушілер сәуір айында құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Тергеу барысында белгілі болғандай, алаяқтар қариялардың сеніміне кіру үшін олармен ұзақ уақыт бойы сөйлесіп, жеке ақпараттарын жинап алған. Қаскөйлер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған.

БҚО ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Артур Мұсағалиевтің айтуынша, алаяқтар жәбірленушілерге «құқық қорғау органдарында жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатыр» деп хабарласып, қысым жасаған. Сол арқылы оларды пәтерлерін тез арада сатуға, несие алуға, тіпті депозиттегі қаражатын алып беруге итермелеген. Содан кейін пәтерлерді нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағаға сатқызып, алынған қаржыны үшінші тұлғалардың есепшоттарына аудартқан. Осылайша зейнеткерлер 36 млн теңгесінен айрылып қалған.

Полицейлердің айтуынша, алаяқтар бұрынғыдай жылдам әрекет етіп, ізін суытпайды. Керісінше, олар алдымен толық сенімге кіріп, эмоционалды қысым көрсетеді. Соңғы кездері жасанды интеллектіні пайдалану арқылы алаяқтықтың жаңа түрі қалыптасып келеді. Олар танымал тұлғалардың түр-әлпетін, дауысын қолдан жасап, азаматтарды алдауға кіріскен.

Полиция құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы жедел шаралар жүргізбейтінін ресми түрде атап өтті.

Серіктес жаңалықтары