$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тан кейін Венгрия да елде тек қана екі жыныс барын ресми мойындады

Енді елде тек әйел мен ер жынысты адамдар ғана бар

АҚШ-тан кейін Венгрия да елде тек қана екі жыныс барын ресми мойындады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Венгрия өз Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізіп, адамның жынысына қатысты норманы бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңартылған бапта мемлекет неке мен отбасын қорғау қағидатын айқындап, «неке – ер мен әйел арасындағы ерікті одақ», ал «отбасы – ұлттың негізі» деп көрсетілген. Сонымен қатар, «әке тек ер адам, ал ана тек әйел адам» деген тіркестер де енгізілген.

DW басылымының жазуынша, аталған түзетулерді 140 депутат, премьер-министр Виктор Орбан мен оның жетекшілігіндегі ФИДЕС партиясы қолдаған, 21 депутат қарсы дауыс берген.

Заңдағы өзгеріске қарсы болған оппозиция өкілдері парламент ғимаратының алдына жиналып, наразылық білдірді.

Бұған дейін, 18 наурызда Венгрияда ЛГБТ шерулерін өткізуге ресми түрде тыйым салынған еді.

Еске салсақ, АҚШ президенттігіне биылдан бастап кіріскен Дональд Трамп Америкада саясаты тек екі жынысты мойындайды: әйелдер мен еркектер деп мәлімдеп, тиісті заңға қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#заң #Венгрия #ЛГБТ