$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2020, 10:23
Оқиғалар

Ақтөбе зауытында зардап шеккен 5-ші адам қайтыс болды

Ауруханаға жеткізілген екінші науқастың жағдайы біршама тұрақты

Ақтөбе зауытында зардап шеккен 5-ші адам қайтыс болды
фото: diapazon.kz

28 мамырда Ақтөбе хром қосындылар зауытының цехында төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылғаны хабарланды. 3 маусым күні ауруханаға жатқызылған екі науқастың бірі көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Зардап шеккендердің бірі - 1988 жылы туған азамат, ол қайтыс болды. Оның денесінің 60 пайызын қатты күйік шалған. Екінші жәбірленуші 1984 жылы туған азамат, оның жағдайы біршама тұрақты. Оны реанимациядан бөлімге ауыстырамыз», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, оқиға 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан болған.

Серіктес жаңалықтары