04.06.2020, 10:31
Оқиғалар
Қостанай облысында жас жігіт суға батып кетті
Қайғылы оқиға жасанды су қоймасында орын алған
Фото: ашық дереккөзден
Қостанай облысында жас жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобына сілтеме жасап.
«4 маусым күні сағат 08:48-де іздестіру жұмыстарының нәтижесінде «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері су айдынынан 1999 жылы туған ер адамның денесін алып шықты», - делінген хабарламада.
Куәгерлердің айтуынша, 3 маусымда жас жігіт су айдынында достарымен бірге болып, белгісіз жағдайда суға батып кеткен. Қайғылы оқиға Қарасу ауданындағы Айдарлы ауылының шетіндегі жасанды су қоймасында болды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды кезекті рет судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)