Ақтөбедегі зауыттардың бірінде төрт жұмысшы қаза тапты
Тағы екі адам ауыр халде жатыр
Ақтөбе хром қосындылар зауытының цехында төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia-kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан болған.
«Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.