28.05.2020, 17:33
Оқиғалар
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Қаза тапқандардың үшеуі – жолаушылар
фото: polisia.kz
28 мамыр сағат шамамен сағат 14:30-да Жетісай – Шардара автожолының 8 шақырымында орналасқан Кетебай ауылының бойында «Nexia» және «LADA Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік соқтығысты, жол апатынан «Nexia» жүргізушісі мен екі жолаушысы және «LADA Vesta» көлігіндегі бір жолаушысы қаза тапты. Бұл туралы polisia.kz порталы хабарлады.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы болған жерде жұмысқа кірісіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды