$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.05.2020, 16:08
Оқиғалар

«Рыжий Алмаздың» бауыры 4 жылға сотталды

Асқар Нәсенов бұған дейін мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген 

«Рыжий Алмаздың» бауыры 4 жылға сотталды
Фото: finpol.gov.kz

27 мамырда Алматы қаласының Алматы аудандық сотының үкімімен «Транстелеком» АҚ бұрынғы президенті Асқар Нәсенов 4 жылға түрмеге жабылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен бірге, Нәсенов 3 жылға материалдық-жауапты лауазым атқару құқығынан айырылды.

«Осыған дейін А. Б. Нәсенов «КТ&Т» ЖШС-мен заңсыз консорциалдық келісім жасау арқылы мемлекет қаражатын жымқырды және 2,1 млрд теңге сомасында қаражатты төледі деп күдікке ілінген болатын», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2013 жылы Нәсеновке қоластындағылармен бірге телекоммуникациялық және спутниктік құрылғыларды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасады деген күдікпен іздеу жариялаған.  

Асқар Насенов – 90-жылдардағы белгілі қылмыс әлемінің серкесі, «Рыжий Алмаз» деген лақап есіммен атағы шыққан Несіпбай Нәсеновтің туған інісі. Семей қаласында өмірге келген.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары