$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.06.2020, 10:11
Оқиғалар

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар Ресейден келген

Олар көрші елде вахталық әдіспен жұмыс істеген 

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар Ресейден келген
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус індетін жұқтырудың жаңа үш фактісі тіркелді. Сырқаттардың барлығы Ресейден келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Вирус жұқтырғандар 1990, 1993, 1996 жылы туған ер адамдар, Ресей Федерациясының Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін ҚР азаматтары. Қазақстанға Мағжан  Жұмабаев ауданының «Қарақоға» кедендік бақылау пункті арқылы келген. Елге оралған соң коронавирус жұқпасына тексеріліп, карантиндік стационарға жатқызылды.

Зертханалық талдаулардың оң нәтижесін алғаннан кейін індет жұқтырғандар Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Бұл азаматтармен байланыста болған 4 адам тексерілген, нәтижелері теріс. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

3 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында аталған вирусты жұқтырған жалпы саны 64 адам тіркелген.

Бүгінгі күні оның 47-сі дертінен айығып, қалыпты өмірге оралған. 17 адам инфекциялық ауруханада ем қабылдауда. Провизорлық стационарда 9, карантиндік стационарда 16, үй карантинінде 343 адам дәрігерлер бақылауында.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары