$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана мен Алматыға «снюс» сатып жүрген Сайрамдағы қылмыстық топ ұсталды

Прокуратура цехтың жұмысын тоқтатып, қылмыстық іс тіркеді

Астана мен Алматыға «снюс» сатып жүрген Сайрамдағы қылмыстық топ ұсталды
Фото: freepik.com

Түркістан облысының Сайрам ауданында аумағы 1000 шаршы метр цехте «снюс» шығарған цех анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шикізатты дайындаудан бастап, Астана мен Алматы қалаларындағы ірі сауда арналарына дейін жеткізетін қылмыстық әрекеттің барлық схемасы анықталды. Тінту барысында цехтан тыйым салынған өнімдер, оның ішінде оны өндіруге арналған жабдықтар, 10 млн данадан астам қаптама, 14 тоннадан астам темекі, сондай-ақ әртүрлі хош иістендіргіштер мен улы қоспалар тәркіленді», - деп хабарлайды прокуратура.

Прокуратура қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қатысты Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары