31.03.2025, 15:36
Оқиғалар
«Алматы су» қаланың әуежайын жөндеген инвесторға 122 млн теңге заңсыз айыппұл салған
Прокуратура заңсыздықты анықтап, инвестордың құқығын қорғады
Фото: Facebook / Almaty international airport
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» мекемесі әуежайға халықаралық терминал салып, әуежайды жөндеген «TAV Қазақстан» компаниясына 122 млн теңге көлемінде негізсіз айыппұл салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 85 млрд теңге болған, жобаны іске асыру 500-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
«Алайда Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының «Алматы Су» 122 млн теңге көлемінде айыппұл және сумен жабдықтау мен су бұру қызметтеріне қосымша төлемдер жазған», - деп хабарлайды Алматының прокуратурасы.
Түрксіб ауданының прокуратурасы осы негізгіз айыппұл мен қосымша төлемдердің күшін жойды.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды