28.03.2025, 14:04
Оқиғалар
Мьянмада қатты жер сілкініп, биік ғимараттар жермен-жексен болып жатыр
Жер дүмпуі көрші елдерде де қатты сезілген
Фото: скриншот
Оңтүстік-шығыс Азиядағы Мьянма елінде Астана уақытымен сағат 11:20-да қатты жер сілкінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жер дүмпуінің күші Мьянмадан басқа Бангладеш, Индия, Таиландта да қатты сезілген.
Таиландта жер сілкінісі қайталануы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан, адамдар жаппай эвакуацияланып, метро тоқтаған. Қызметкерлердің бәрі үйіне кеткен.
Ал, Мьянма халқы жер сілкінісінің қаншалықты күшті болғанын әлеуметтік желіде көрсетіп, жермен жексен болған ғимараттардың видеосын салып жатыр.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)