Павлодардағы мұнай-химия зауытында өрт шықты: екі адам күйіп қалды
Оқиға түнгі сағат 23.40-та болған

Павлодардағы мұнай-химия зауыты өртеніп, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт 50 шаршы метр алаңды алып кеткен, сағат 00.40-та толықтай сөндірілді.
«Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінің барлық жеке құрамын жинау жүзеге асырылды, қосымша өрт сөндіру техникасы есепке енгізілді. Жедел және үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Бірінші болып жеткен МЕӨҚҚ «ПМХЗ» ЖШС күшімен факелді жану жойылып, технологиялық қондырғыларды оқпан арқылы салқындату жүргізілді», - деді Павлодар облысы ТЖД.
Өрттің себебі анықталуда.
1989 және 1982 жылы туған екі қызметкерді күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілді, ауруханаға жатқызудың қажеті болмаған.