$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысындағы 5 баллдық жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қабырғалары шытынап кеткен

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінген аудандарға барды

Жамбыл облысындағы 5 баллдық жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қабырғалары шытынап кеткен
Фото: istockphoto.com

Бүгін түнде Жамбыл облысының бірнеше елді мекенінде 4-5 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан бірнеше ғимараттың қабырғалары жарылып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Меркі ауданындағы Меркі ауылында 5 балл, Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында 4 балл, Тараз, Шу қалалары мен Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл тіркелген.

«Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарық пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен облыстық жедел штаб құрылды. Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, деп нақтылады әкімдік.

Ербол Қарашөкеев жер сілкінісінен кейінгі жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барған.

Өңірде 8(7262)513575 нөмірі бойынша «қауырт желі» іске қосылды.

Серіктес жаңалықтары