$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған 17 жастағы бала он жылға сотталды

Кәмелетке толмаған ұлдың мүгедектігі бар болған

Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған 17 жастағы бала он жылға сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқушы қыздың отбасы адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсеткен еді. Қыздың әкесі тек алтыншы сынып бітірген, ал анасы хат танымайды.

Серіктес жаңалықтары