Павлодарда ер адам үйіне келе жатқан баланы ұстап алып, жібермей қойған (ВИДЕО)
Анасының айтуынша, бала қатты шошып қалған

Павлодардағы көпқабатты үйлердің жанында ер адам 9 жастағы балаға шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бейнекамераға түсіп қалған. Баланың анасы болған жайтты баяндап, жазба жариялады.
«2025 жылы 19 наурызда сұмдық жайдайды бастан өткердік. Менің 2016 жылы туған ұлым сағат 16.00 шамасында мектептен қайтып келе жатқан. Аулада оны таныс емес ер адам күтіп тұрып, артынан аңдыған. Күдікті тұрғын үйдің кіреберісіне келгенде баламды күштеп ұстап алып, жібермей қойған. Бағымызға орай, Ерлан атты курьер ұлымды құтқарып қалды. Оған алғысым шексіз», - делінген жазбада.
Әйелдің сөзінше, ер адам баланың өзінікі екенін айтып, Ерланмен қарсыласқан. Жігіт ештеңеге қарамай оны қуып жіберген. Кішкентай бала қатты қорқып қалған.