26.10.2019, 17:10
Оқиғалар
Ақтауда қару-жарақ сатқан адам ұсталды
Ақтауда полиция қызметкерлері қару-жарақ пен оқ-дәрі сатқан адамды ұстады, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.
Жергілікті қару сатушысы 25 қазанда ұсталды. Тінту барысында одан 12 қару мен 1497 дана оқдәрі тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір криминалдық полиция қызметкерлері оның басқа қылмыстарға қатыстығын тексеріп жатыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті