26.10.2019, 12:29
Оқиғалар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне адамдарды азаптады деген айып тағылды
Агенттік қызметкерлеріне тергеу кезінде адамдарды қинау, азаптау фактісі бойынша бірнеше айыптаулар ілінді деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ІІМ баспасөзіне сілтеме жасап.
24 қазан күні ІІМ-нің қоғамдық қабылдауына келген ШҚО-ның екі тұрғыны өздеріне көрсетілген азаптаулар жайында айтқан. Полицейлердің мәліметінше, аталған дерек бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ШҚО бойынша өкілдігінің 4 қызметкері ұсталған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы, 2-тармағының 1-бөлігіне (Азаптау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты.
Алдын ала болжам бойынша, жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары азаматтарды тергеу кезінде заңсыз әрекеттерін бірнеше рет қолданған.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
01.07.2026, 16:04
СҚО-да жол апатынан кейін мас жолаушы жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасады (ВИДЕО)
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті