Адамдар интернет-алаяқтардан зардап шегіп жатыр - Тоқаев коучтарға назар аударды
Президент оларды жауапты органдардың қарауына тапсырды

Президент кейінгі кезде елді алдап қайырымдылыққа ақша жинайтындар мен жалған психолог-коучтардың қоғамда қаптап бара жатқанына алаңдаушылық танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде»,- деді ол.
Ол бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кеткенін сынға алды.
«Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс», - деді президент.