07.03.2025, 11:10
Оқиғалар
Жаңаөзенде мешіттен өрт шығып, 12 жастағы бала күйіп қалды
Салынып жатқан ғимаратта кілем өртенген
Фото: istockphoto.com
Жаңаөзен қаласында мешіт аумағында өрт болып, кәмелетке толмаған баланың денесін күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 6 ақпан күні Жаңаөзен қаласының Шаңырақ шағын ауданында болған.
«Қалалық мешіттің аумағында жаңадан салынып жатқан ғимараттың кіреберісінде кілем өртенген. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірілді. Денесі күйіп қалған 2013 жылғы бала ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы ТЖД.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген