ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына байланысты сот басталды

Бүгін алдын ала сот тыңдауы өтті

Костенко шахтасындағы 46 кеншінің қазасына байланысты сот басталды
Фото: скриншот

Қарағанды сотында Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Бұл туралы істегі прокурор Әділ Садықов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратураның мәліметіне сүйенсек, іс бойынша 74 адам жәбірленуіші ретінде танылған. Ал, сотталып жатқан адамдардың саны – 10.

«Қылмыстық істі Бас прокуратура тергеп, шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адамды сотқа тартқан болатын. Барлығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу). Күдіктілер қамауда. Іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды», - дейді Әділ Садықов.

Іс Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№61 мекемесінде қаралатыны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары