$ 499.74  525.23  5.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үш әйел ес-түссіз жатыр – Көкшетаудың қақ ортасындағы көлік апаты туралы тың мәлімет шықты

Жол апатынан 5 адам зардап шекті 

Үш әйел ес-түссіз жатыр – Көкшетаудың қақ ортасындағы көлік апаты туралы тың мәлімет шықты
Фото: @kokshe_city

Кеше Көкшетауда Mercedes пен ВАЗ көлігі соқтығысқанын жазған едік. Апат салдарынан 5 адам зардап шеккен, 3 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy kokshe_city паблигіне сілтеме жасап.

«Жол апатынан кейін 41 және 43 жастағы жолаушылар мен 63 жастағы жүргінші жансақтау бөліміне түсті. Олардың бәрінің жағдайы ауыр болды, сүйектері сынған, көп жарақат алған. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта екі науқастың жағдайы тұрақты, алайда 68 жастағы әйелдің жағдайы қиын», - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Сондай-ақ тізесін жаралап алған кәмелет жасқа толмаған қыз медициналық көмек алған. ВАЗ көлігінің жүргізушісін травматолог тескергеннен кейін, үйіне жіберген.

Апаттың мән-жайларын тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары