$ 499.11  521.12  5.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Оразаның бірінші күні жұмыртқалады»: Шымкент тұрғыны тауығының жұмыртқасын 200 мың теңгеге сатып жатыр

Сатушы оңай ақша табудың жолын ұсынған 

«Оразаның бірінші күні жұмыртқалады»: Шымкент тұрғыны тауығының жұмыртқасын 200 мың теңгеге сатып жатыр
Фото: скриншот

Желіге Розалина Урунбаева деген есіммен тіркелген адам 200 мың теңгеге жұмыртқа сататынын айтып, жарнама берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, Шымкенттегі атасының тауығы өзге де жоқ жұмыртқа басқан, жұп-жұмыр, дөп-дөңгелек екен.

«Табиғатта мұндай жұмыртқаның кездесу мүмкіндігі 0,0001 пайызға тең. Мұны eBay-де коллекция жинаушыларға 400 мың теңгенің үстіндегі ақшаға сатуға болады. Менің қазір онымен айналысуға уақытым болмай тұр, сондықтан ауадан ақша жасап алғысы келетіндерге сатамын. Тауығымыз Рамазанның алғышқы күнінде жұмыртқалады. Бағасы 200 мың теңге. Түскен ақшаға атам мен әжемді демалысқа жіберемін», - деп жазған ол.

Оған «өзіңіз де ауадан ақша жасап алғыңыз келіп тұр ғой» деп пікір қалдырған желі қолданушысы.

Серіктес жаңалықтары