$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 16:30
Оқиғалар

Алматыда қағаз қоймасы отқа оранды

Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Алматыда қоймадан шыққан өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырылды. «Қазавиаспас» кәсіпорнының  МИ-171  және  МИ-8 тікұшағы қатты жанып жатқан өрттің ошағын ауыздықтау үшін әуе арқылы көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жалын Бекмаханов 96 мекенжайындағы қағаз қалдықтарды сақтайтын қоймадан басталған.

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға орнына тікұшақтардан бөлек, 100 жеке құрам қызметкері, 24 бірлік техника, 6 су тасымалдайтын автокөлік келген.

«Өрт сөндіру бөлімшелеріне жоғары деңгейдегі дайындықпен келуге тапсырма берілген. Қазір өрт сөндірушілер жалынның жақын маңдағы өзге ғимараттарға таралмауын қамтамасыз етіп жатыр», - дейді баспасөз қызметіні маманы Гүлдана Нұрымбетова.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Жалын шарпыған аумақтың көлемі де белгісіз. Өрт сөндірушілер қауіптің бетін қайтаруға тырысып жатыр.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #өрт #қойма