$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 13:19
Оқиғалар

Алматыда өзін айырбастау пунктінің менеджері деп таныстырған алаяқ ұсталды

Ол 40 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген

Алматыда өзін айырбастау пунктінің менеджері деп таныстырған алаяқ ұсталды
фото: polisia.kz

Алматыда өзін айырбастау пунктінің менеджері ретінде қала тұрғындарын алдап келген азамат ұсталды. 39 жастағы ер адам екі жылдан бері жалған құжат жасап, қалалық Полиция департаментінен жасырынып келген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

«Алматыда бірнеше тұрғын ұзақ уақыт бойы ерекше жолмен алдап келген ірі алаяқтың құрбаны болды. Күдікті 1981 жылы туған П. есімді ер адам. Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де шұғыл түрде ауқымды биржалық операциялар  жасауды қажет еткен адамдарды ғаламтор арқылы іздестіріп отырған. Содан соң тұтынушыларға тиімді түрде валюта айырбастау операциялары жайлы жарнамалар ұсынады. Келіссөздер аяқталғаннан кейін, ол клиенттермен кездесулер өткізіп, айырбастау пункттері үшін жалға алынған бөлмелерде «қызмет» көрсеткен. Ол қолма-қол ақшаны алып, оның дұрыстығын тексеріп шығамын деген желеумен артқы бөлмеге кіріп, сосын төтенше жағдайларға арналған есіктер арқылы қашып отырған. Ол тұтынушыларға өзін әртүрлі атпен таныстырып, арнайы жеке куәліктер дайындап отырған», - дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Күдікті қазір қамауға алынды. Ол Алмалы ауданының аумағында осыған ұқсас төрт қылмыс жасаған. 40 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Аудандық ПБ тергеу бөлімі оның қаладағы қылмыстарға қатысы барын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #алаяқтық