21.02.2025, 10:50
Оқиғалар
ҚТЖ-ның еншілес компаниясы әскери көлік-экспедиторлық қызметтердің бағасын шамадан тыс асырған
Компанияға айыппұл салынды
Фото: gov.kz
ҚТЖ-ның еншілес компаниясы «KTZ EXPRES» АҚ-ның 10 миллионнан астам табысы тәркіленіп, айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«KTZ EXPRES» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп, компанияның 2021 жылы әскери тасымалдау аясында көлік-экспедиторлық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілегені анықталды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінен.
Акционерлік қоғам белгілеген экспедиторлық комиссиялардың Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау құнын 30% - ға арттырған.
Сот компанияның 10 114 304,84 теңге монополиялық табысын тәркілеп, 853 379,7 теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді