$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісудың түрмесінде отырған адам өрт сөндірушілер мен дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызған

Ол орта мектеп пен вокзалда бомба бар деген көрінеу жалған ақпарат таратқан

Жетісудың түрмесінде отырған адам өрт сөндірушілер мен дәрігерлерді аяғынан тік тұрғызған
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы түрмеде отырған азамат бомба туралы жалған ақпарат беріп, 112, 103 және 102 қызметтерін аяғынан тік тұрғызған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, №71 түрмеде отырған ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 25 жылға сотталған екен.  Осылайша, түрмеде отырған ол  2024 жылдың қарашасында Талдықорған қаласының №25 орта мектебінде және қаланың вокзалында бомба бар деп жалған ақпарат таратқан.

«Объектілерді эвакуациялау және тексеру барысында жарылғыш заттар табылған. Сот оны ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алдыңғы үкім бойынша өтелмеген жазаның ішінара қосылуын ескере отырып, соңғы жаза 25 жылға бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары