$ 531.96  622.45  6.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Актриса Әсел Садуақасова 40 жасын Майамиде атап өтті

Ол бүкіл жақынына алғыс арнаған 

Актриса Әсел Садуақасова 40 жасын Майамиде атап өтті
Фото: скриншот

Белгілі актриса, продюсер Әсел Садуақасова 40 жасын АҚШ-та қарсы алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өзінің желідегі парақшасында өзі сияқты керемет адамды дүниеге әкелген ата-анасына, Құдайға рахмет айтты.

«Бүгін менің туған күнім, бұл күнді жыл сайын асыға күтемін. Әсіресе, осы жыл ерекше, өмірімнің жаңа белесіне өттім, мен 40-қа толдым. Алға нақты мақсат қоймадым, өзімнен ештеңе күтпедім, менде бұл алғаш рет болып тұр. Өзіме, өміріме, Құдайға, әлемге, адамдарға деген үлкен алғысым бар. Осы өмірге келгенім үшін Құдайға, әке-шешеме  рахмет. Мені шынымен де керемет адам етіп жаратты. Өмірімде кездескен бүкіл жақыныма алғыс айтамын. Мен тамаша адамдармен доспын. Сүйікті оқырмандарым, мен сіздерге көп рахмет айтамын», - деп жазды ол.

Актрисаның жазылмандары оған ақжарма тілектерін арнап жатыр.

Серіктес жаңалықтары