31.01.2025, 16:31
Оқиғалар
«Өте-өте ризамын»: әнші Жанар Дұғалова Астананың полициясына не үшін алғыс айтты (ВИДЕО)
Ол қаланың Есіл аудандық полициясына сәлем жолдаған
Фото: скриншот
Әнші Жанар Дұғалова Астанаға келген сапарларының бірінде жеке затын жоғалтып алып, полицияға арыз жазған. Оның арызын Есіл аудандық полиция бөлімі қараған екен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің әлеуметтік желісінде видео пайда болды. Видео жазған Жанар Дұғалова полицияның жұмысына риза екенін айтып, сәлем жолдаған.
«Астана қаласы полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтқым келіп тұр. Жоғалған затымды тауып беріп, керемет жұмыс атқарды. Жұмысына өте-өте ризамын. Шын жүректен мың да бір алғыс», - деген әнші полиция қызметкерлеріне ыстық ықыласын танытқан.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)