Біреудің Тоуота көлігі мен 5 млн теңгесін тартып алған: Астананы үрейде ұстаған криминалитеттер ұсталды (ВИДЕО)
Олар тападай тал түсте банк аумағынан 6 млн теңгені қолды еткен
Астана қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қаланы үрейде ұстаған криминалитеттер қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Олар адамдарға зорлық-зомбылық көрсетіп, бір адамның 5 млн теңгесі мен Тоуота маркалы джип көлігін тартып алған.
«Тағы бірде олар банктердің бірінің іргелес аумағында тағы біреудің 6 млн теңгесін ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың мүшелері түгелдей ұсталды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты болуы мүмкін. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүріп жатыр», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.