$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда бойжеткенге есірткі беріп, зорлаған адам қоғамдық резонанстан кейін өмір бойына сотталды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық соты хабарлады

Ақтауда бойжеткенге есірткі беріп, зорлаған адам қоғамдық резонанстан кейін өмір бойына сотталды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Ақтауда бір топ жігіт көшеде келе жатқан бойжеткенді көліктеріне күштеп салып, оны есірткіге тойдырып, түнімен зорлаған. Бойжеткен бұл ауыр азапқа шыдамай, бірнеше күннен кейін суицид жасаған. Бұған кінәлі тұлғалардың жазасы жеңіл болған соң, бойжеткеннің ағасы оқиға қалай болғанын ашық жариялап, сотқа тағы апелляция түсірген еді. Қоғамдық резонанстан кейін ең басты күдікті бүгін өмір бойына сотталды, деп жазады  Azattyq Rýhy.

«2025 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы С.Н, Е.А., А.М., У.Ж. и К.Д. қатысты қылмыстық ісін апелляциялық тәртіпте қайтадан қарады. Сот алқасымен анықталғаны, сотталушы А.М., У.Ж., К.Д. и С.Н. телеграм каналы арқылы «Мефедрон» психотроптық заттарын заңсыз сатып алған. Есірткілік масаң күйде сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, күштеп автокөлікке отырғызып, ұрлап кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң,  сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. жәбірленушіні сотталушылар С.Н. мен Е.А. қастарында қалдырып,  оқиға орнынан кетіп қалған. Әрі қарай, С.Н. автокөлік ішінде жәбірленшуіні күш қолданамын деп қорқытып, психотроптық зат «мефедронды» қолдануға мәжбүрлеп, сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттер мен еркінен тыс зорлаған, Сотталушылардың іс-әрекеттері жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген. Сот алқасының үкімімен С.Н. өмір бойына бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады сот.

Қалған екі күдіктінің бірі 16 жылға, екіншісі 13 жыл 6 айға сотталды. Олар бойжеткеннің туыстарына 19 млн және 30 млн теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі керек.

Серіктес жаңалықтары