«Балаға үміт сыйлады да, жоқ болды»: көпбалалы ана ұлы мен әкесінің қарым-қатынасы туралы айтты
Любовь Мәриям бұрынғы күйеуінің екінші әйелі болып некеге тұрған
Мұсылмандықты қабылдаған Любовь Мәриям Кузнецова бұрынғы күйеуі мен балаларының қарым-қатыасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Үлкен балаларым әкесі туралы сұрамайды, ал кішілері іздейді, жаным ашып кетеді. Мектепке барғанда көреді ғой, бәрінің әке-шешелері бар, бір-біріне қонаққа барады. Әкем қайда деп сұрайтын, мен анда-мұнда деп алдайтынмын. Сосын «әкеммен танысқым келеді» деп жылап сұрай бастады. Әкелеріне хабарластым, «баламен кездесетін мүмкіндігіңіз болса, кездесіңізші, менің қарсылығым жоқ, бұл менің емес, баламның тілегі» дедім. Баласы екеуінің ғана қарым-қатынасы екенін түсіндірдім. Әкесі баламен сөйлесті, үміт берді, сосын жоғалды. Міне, екінші жыл хабарсыз кетті. Балама өмірде осылай да болатынын айтып, шындықты жеткіздім», - дейді ол.