30.01.2025, 13:09
Оқиғалар
Қаскелеңде ер адам қызмет ақысына кірпіш салынған қорап беріп, сатушыны алдап кеткен
Күдіктінің бет-әлпеті камераға түсіп қалған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Қаскелең қаласында белгісіз ер адам телефонын жөндетіп, қызмет ақысын төлемей кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға әлеуметтік желіде жарияланды. Жәбірленушінің сөзінше, танымайтын ер адам телефон жөндеу қызметіне жүгінген және көрсетілген қызмет үшін 9 мың теңге төлеуі керек болған.
Алайда, күдікті қулыққа басып, ақшасының көлігінде қалғанын айтқан. Ақшаны алып келгенше, кепілге қорапта тұрған телефонын тастап кетеді. Бірақ ол сол қалпы оралмайды. Жәбірленуші қорапты ашқанда ішінде телефон емес, кірпіш жатқан.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады