Шымкентте полиция формасын киіп, тікелей эфир жүргізген тиктокер қыз жазаланды
Полиция оның киген киімін тәркілеп алған
Шымкент қаласының полиция департаменті тик-ток әлеуметтік желісінде полицияның формасын киіп, тікелей эфир жүргізген блогерге қатысты әкімшілік хаттама толтырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, форманы киген қыз ішкі істер органдарынығң беделіне кір келтіретін және офицер атағына сай емес әрекет көрсеткен.
«Тәртіп сақшылары бойжеткеннің кім екенін анықтады. Ол полицияның жұмысына еш қатысы жоқ 24 жастағы азаматша болып шықты. Полицияның нысанды киімін заңсыз кигені үшін құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Нысанды киім тәркіленіп алынды», - деп хабарлайды дереккөз.
Сондай-ақ құқық қорғаушылар полицияның формасын заңсыз кию – тәртіпке қайшы әрекет екенін еске салады.