$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 10:53
Оқиғалар

Қарағанды облысында 67 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Науқастардың барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды

Қарағанды облысында 67 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды
Фото: tengrinews.kz

25 мамырда Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 67 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Олардың ішінде Қарағанды қаласында – 17 адам, Теміртау қаласында – 16, Бұқар жырау ауданында – 1, Саран қаласында – 29,  Абай ауданында – 4 адам тіркелген», - делінген хабарламада.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.  

Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілуде. 

25 мамырдағы ахуал бойынша, облыста вирусты жұқтырған 662 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам көз жұмып, 191 науқас жазылып шыққан.

Серіктес жаңалықтары