Шымкентте 69 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
25 мамырда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 69 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды, олардың 33-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 18-і жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылғанға дейін тексерілген, 18-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
25 мамырдағы мәлімет бойынша, Шымкентте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 675 адам анықталып, оның ішінде 222 науқас жазылып шыққан.