24.01.2025, 11:15
Оқиғалар
Көкшетауда дәрігерлерға қоқан-лоқы көрсеткен ерлі-зайыпты жазаланды
Ер адам дәрігерді жағадан алса, әйелі дәрігердің кабинетіндегі заттарды шашып кеткен
Фото: istockphoto.com
Дәрігерлерге шабуыл жасаған ерлі-зайыпты жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көкшетауда кішкентай баланың үстіне жиһаз құлап, саусақтары езіліп кеткен. Дәрігерлер баланың үш саусағын кесіп тастады. Оған келіспеген ата-анасы шу шығарып, дәрігерлерге шабуыл жасаған.
Соттың хабарлауынша, азамат М. анестезиолог дәрігерді жағасынан алып, боғауыз сөздер айтып, қорлаған. Оның әйелі А. медициналық қызметкер - травматолог дәрігерге тіл тигізіп, үстеліндегі заттарын шашып кеткен.
Сот баланың әкесін 2 тәулікке қамау туралы үкім шығарды, ал анасына 30 АЕК (117 960 теңге) мөлшерінде айыппұл төлетті.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды