21.01.2025, 15:53
Оқиғалар
Жезқазғандағы «Қазақмыс» шахтасында кенші қаза тапты
Ол ұнтақтаушы болған
Фото: freepik
«Қазақмыс» компаниялар тобы шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетіледі», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
