21.01.2025, 16:57
Оқиғалар
Астанада 19 жастағы жігіт атыс клубында суицид жасады
Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр
Фото: istockphoto.com
Жас жігіттің өзін атып тастағаны жайлы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атыс клубында тұрақты клиенттердің бірі болған жігіт tanfoglio limited custom маркалы тапаншамен жаттығып жүрген.
Ол бірнеше рет нысанаға оқ жаудырып, кейін кенеттен қаруын басына бағыттап, өзін-өзі атып тастаған.
Полиция бұл деректі растап отыр.
«Елорданың 19 жастағы тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады елордалық полиция департаменті.
Көп оқылған
24.02.2026, 12:18
«Мен 13 мамырда туғанмын»: Жетісуда жас келіншек полиция басшысымен соттасып, жеңіп шықты
24.02.2026, 09:58
«Прокурорлар алып кетті»: Шортандыда төрт бала ата-анасы бар бола тұра жетім қалды (ВИДЕО)
24.02.2026, 14:29
Павлодарда үш жасар қыз өз көзіне өзі қайшы сұғып алған