Алматыда мәйіттерді зорлап, видеоға түсірген жігіт түрмеге емес, жындыханаға түсетін болды
Өйткені, сараптама оның психикасы бұзылған деген қорытындыға келген
2024 жылдың көктемінде елді жүр сілкіндірген оқиға бойынша сот отырысы аяқталды: мәйіттерді зорлап, сол сәтті видеоға түсірген күзетші жігіттің психикасы бұзылған деген қорытындыға байланысты, ол түрмеге емес, жындыханаға түсетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Сот жабық режимде өтті. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Б.есімді азамат созылмалы психикалық ауруға шалдыққан (сот сараптамасы 2024 жылдың 24 маусымында жасалған). Ол 2023 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың қазаны аралығында мәйітхананың ішінде қаза тапқан адамдардың мәйітін көп рет зорлап, оны видеоға түсірген.
«Сараптама қорытындысына сүйене отырып сот Б.есімді азамат мәйітханада жүргенде ес-ақылын білмеген, сондықтан, іс-әрекетінің қауіпті екенін түсінбеген деген қорытындыға келіп, оны психикалық орталыққа күштеп емдеуге жіберу туралы үкім шығарды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2024 жылдың 29 сәуірінде Әлеуметтік желіде Алматыда некрофилдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.