Төрт адам Алматы тұрғынының абыройын төгетін видео үшін 40 млн теңге талап еткен
Полиция ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
Алматыда 4 адамнан құралған қылмыстық топ аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін ұсталды. Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жалпы, ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, полиция Қазақстанның түпкір-түпкірінде азаматтардан ақша бопсалаған біраз қылмыстық топты құрықтаған. Мәселен, Павлодар облысында кәмелет жасына толмағандардан ақша бопсалап, оларды тіпті қылмысқа тартқан бір топ жігіт ұсталды.
«Петропавл қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған. Жамбыл облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді», - деп хабарлайды полиция.
Ал Алматыдағы жағдайға ерекше болған Қуандық Алпыстың айтуынша, Алматыда төрт жігіт бір адамның видеосын желіге саламыз деп қорқытып, одан 40 млн теңге талап еткен. Болжам бойынша ол видео адамның ар-намысын қорлап, беделіне нұсқан келтіретін видео болған.